Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Қазақстанның мәртебелі педагогі атанды

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Пернебекова Айжан Пернекбекқызы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында "Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту" жобасы аясында өткен "Қазақстанның мәртебелі педагогі-2020" атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!