Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының магистранттары алдын ала қорғаудан өтті

2019-2020 оқу жылына «Журналистика» мамандығын бітіруші магистранттардың диссертациялық жұмыстарын алдын ала қорғау рәсімі бүгін күні  өз деңгейінде ұйымдастырылып, еңбектері талқылаудан өтуде. Бұған дейін 21 магистрант зерттеу жұмыстарының жазылу барысын арнайы құрылған комиссия мүшелеріне таныстырып, талап ережесіне сәйкес жұмыстарын шыңдау үстінде. Бүгін 11 сәуір, сағат 10:00-де Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы Zoom платфомасында ұйымдастырған конференцияда тағы екі магистрант өз жұмыстары туралы ақпарат беріп, диссертациялық жұмыстарының жайы туралы баяндады. Кафедра меңгерушісі, филол.ғыл.канд. доцент С.Дүйсенғазы төрағалық еткен, профессор С.Тақан, қауымдастырылған профессор Ұ.Есенбекова, доцент Б.Иманғалиев қатысқан шарада магистранттар А.Бұқарбай мен А.Батухан өз жұмыстарын толықтай меңгергендігін, оның аяқталуға жақын екендігін айтып комиссияға есеп берді.