Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының магистранты "Телевизиядағы деректі фильм өндірісі" атты практикалық ашық сабақ өткізді

Журналистика және саясаттану факультетінің 3-курс студенттері арасында «Телевизиядағы деректі фильм өндірісі» атты практикалық ашық сабақ өтті. Шараны 2-курс магистранты Ардақ Мұтарбекқызы ұйымдарстырды. Ашық сабақ практикалық сабақ жетекшісі Күлнәш Әжібекқызының ашылу сөзімен басталып, студенттер дайындаған электронды сұрақ-жауапқа ұласып, "Керек-дерек" айдарына жол алды. Сабақ соңында студенттер үйрену барысында жасаған алғашқы шығармаларын көрсетті. Қатысушы ретінде шақырылған оқытушылар пікірлерімен бөлісіп, бағасын берді.