Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі "Абай әлемі" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

Бүгін «Абай әлемі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Абайдың рухани мұрасының педагогика саласындағы маңызы мен рөлін ғылыми тұрғыда саралауды мақсат еткен шараға жоғары оқу орындарының басшылары, шетелік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, профессор-оқытушылар, құрамы мен білм алушылар қатысты. Конференция барасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы «Дулат және Абай: дәстүр сабақтастығы» тақырыбындағы баяндамасы да тыңдалды.