Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызының жетекшілігімен ғылыми семинар өтті

Қараша айының 15-жұлдызында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінде филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызының жетекшілігімен ғылыми семинар өтті. 

Семинарға факультет басшылығы, профессорлар мен аға оқытушылар қатысты. "Цифрлық әлемдегі трансмедиалық теxнологияларды қолдану ерекшеліктері" атты ғылыми семинарда 1 және 2-курс магистранттары өз белсенділіктерін танытты. Трансмедиалық теxнологияларды қолдану барысында жасалынған сюжеттер көрсетіліп, кино туындылардан мысалдар келтірілді. Жаңа медиаға аяқ басқан заманда қоғамға жаңадан еніп келе жатқан термин сөздердің де мағынасы ашылды.

Телевизияның қыр-сырын, жаңа медианың мүмкіншіліктерімен таныстыру мақсатында ғылыми семинар шығармашылық кездесумен жалғасты. Журналистикада қызметін атқарып жүрген майталмандар Ысқақ Егембердиев және Еркін Байғабылұлымен еркін сұxбат болды. Кеш барысында тың ақпараттар айтылып,журналистердің мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Сүбелі сұxбат магистранттардың жігері мен құлшынысын арттырды. 

Ару Бұхарбай 

журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты