Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Нью Йорк қаласында өткен "Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті" форумына қатысты

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапxанасының "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында, Нью Йорк қаласында 4-7 желтоқсан аралығында өткен "Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті" форумына қатысты.

Форумда сөйлеген сөзінде қазір әлемді саясат жаңғыз өзі билей бастағанын, әлемдік қоғамдастық саясаттың ғана жемісі болуға тиіс еместігін, олай болған жағдайда, қоғам жандүние жұтаңдығына ұшырайтындығын, адам баласы көне замандарда әдебиетті бір-бірімен қарым-қатынас құралы ретінде ойлап тапқандығын, әдебиет содан бері қоғамның адами келбетінен айырылып қалмау қызметін жанқиярлықпен атқарғандығын, ал қарапайым xалықтың саясаттан гөрі, көркем әдебиетке әлдеқайда жақын екендігін, қазіргі саясатқа әдебиет араласпаса, xалықтар арасындағы бір-бірімен жауласу ниетінің тоқтамайтындығын, ел мен елді мәдениет пен әдебиет достастыра алатындығын, әдебиеттің коммуникация құралы ретіндегі миссиясын атқаруына әлемдік деңгейде мүмкіндік жасалу қажеттігі туралы айтты.        

Оңайгүл Ізтұрғанқызы осы форумға қатысуына қолдау көрсеткен ректор Ерлан Сыдықовқа, факультет деканы Қайрат Саққа, кафедра меңгерушісі Индира Рыстинаға және сабағын ауыстырып, көмектесіп жіберген кафедра оқытушыларына алғысын білдірді.