Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы "Нашақорлыққа жол жоқ" атты кураторлық сабақ өткізді

2018 жылы 17 қараша күні Телерадио мен қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Алгалиеваның жетеқшілігімен «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2 курс магистранты Айтқазықызы Меруерт, ҚЖ-13 тобының студенттерімен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді.

Кураторлық сабақтың қонағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының резиденті, медицина ғылымының магистрі Назира Алибаева студенттерге нашақорлықтан сақтану, алдын алу мақсатында бірнеше мысалдар келтіре тоқталып өтті. Студенттерге нашақорлықтан сақтану үшін, әр түрлі медициналық бағыттар түсіндіріліп жол көрсетілді.