Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері тележүргізуші, диктор Зейін Әліпбекпен кездесті

елгілі тележүргізуші, диктор Зейін Әліпбек Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне өз шеберлік сабағын өткізді. Дәріс тақырыбы - Эфир құдіреттілігі. Сабақ барысында журналист өзінің көп жылғы еңбек тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Кездесуді асыға күткен жас қаламгерлер журналистика әлемінің қыр-сырына қанық болып, сабақтың шынайы, әсерлі өткеніне өз ризашылықтарын білдірді. Кездесу барысында видеофильмдер мен слайдттар көрсетілді. Тағылымды басқосуды ұйымдастырған Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, фил.ғыл.кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Б.Иманғалиев жиын соңын қорытындылап, жастарға ақыл-кеңесін айтып, бағыт сілтеді.