Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Әбдіжәміл Нұрпейісов әлемі: шеберлік феномені" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 2019 жылдың 22 қазанында Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойына арналған "Әбдіжәміл Нұрпейісов: шеберлік феномені" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

1. А. Нұрпейісов және XXI ғасырдағы әдебиет және өнер
2. Жазушы тұлғасы және қазіргі БАҚ мәселелері

Ғылыми шара Нұр-сұлтан қ., Сәтпаев, 2 көшесінде орналасқан ЕУҰ-нің бас ғимаратындағы 259 аудиториясында сағат 10.00-де басталады.

Электрондық пошта: zhurnalistika@yandex.kz; didigova@inbox.ru

Байланыс телефондары: 8 (7172) 709-500; (ішкі. тел.: 35-110), 8-705-741-81-53
(Аға оқытушы Дидигова Мадина Магометовна).
8-747-891-90-27
(Аға оқытушы Шалқарбек Анель)
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.