Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығы және "Хабар" агенттігінің 25 жылдығына орай "Хабар" өкілдері ЕҰУ студенттеріне шеберлік сыныбын өткізеді. Аталмыш шара аясындағы онлайн-жүздесу ZOOM платформасында сәуірдің 20-шы жұлдызы сағат 12:00-де басталып, сәуірдің 29-на дейін жалғасады.