«Академиялық хат» пәнінен «Мақала әзірлеу процесі» атты ашық сабақ

Биылғы оқу жылының 29-шы қазанында Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті м.а., Ph.D Эльмира Ерікқызының «Академиялық хат» пәні бойынша «Мақала әзірлеу процесі» атты ашық сабағы өтті.
Дәріс сабағына Журналистика және саясаттану факультетінің оқу-әдістемелік жұмыс бойынша төрайымы Айжан Пернебекқызы қатысты. Кафедрадағы өзара талқылау процесінде оқытушылар құрамы өз пікірлерін білдірді. Ашық сабақ тиісті деңгейде өтті.