«АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ» атты дөңгелек үстел

Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының Қоғаммен байланыс мамандығы бойынша 1- курс студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ» атты дөңгелек үстелді аға оқытушы, аға куратор Алгалиева Гүлназым Сакенқызы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттерге қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өз Отанының патриоты, жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосқан нағыз қазақ азаматын үлгі ету.

Аталмыш шара қонақтары, Журналистика және саясаттану факультет деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ж.Болатова, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.М.Дүйсенғазы қатысты.

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы-тіл білімінің атасы деп айтсақ қате болмас. Өз заманында “Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады” деп бекер айтпаған.

Яғни, жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы оның ұлттық тілінің сақталуына байланысты. Тіл жанашыры, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолына,еңбектеріне шолу жасай келе, дөңгелек үстел қонақтары Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы пен Гүлжаухар Жамбылқызы Болатовалар өз танымдық тұсінік беру арқылы студенттердің ұлтын, тілі, дінін сақтауға шақырды.