"Армандағы" кездесу

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы @onaigul.i Түркістан облысының Сауран ауылында “Арман” деген мектепте кездесуде болып, біздің мамандықтармен таныстырды.
Мектеп оқушылары арасында журналист болуды армандайтындар аз емес.
Кездесуде Журналистика және саясаттану факультетін бітірген түлектер де болды. Айта кетсек, Түркістан қалалық ТВ журналисі Әбсадық Арайлым балаларға "Журналистика" білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсудің және оқудың ерекшеліктерімен бөлісті.