Қазақстан футбол федерациясына "Спорт журналистикасы" пәнінің оқулық бағдарламасы таныстырылды

 

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы және кафедра оқытушылары, режиссер, сценарист Сабыр Әбдіқадыр Біләліұлы мен доцент, журналист, спорт ардагері, "Спорт журналистикасы" білім беру бағдарламасының (ОП) жетекшісі Омаров Мұхит Мурсалиевич Қазақстан футбол федерациясында болып, "Спорт журналистикасы" пәнінің оқулық бағдарламасын таныстырды. ҚФФ техникалық директоры Рафаэль Гарибян, ҚФФ даму жөніндегі директоры Андрей Дудин және ҚФФ баспасөз жетекшісі Мұратбек Биманов бағдарламен танысып, өз пікірлерін, ұсыныстарын айтты