«Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы АҚШ-тың геосаяси мүдделері» тақырыбына ашық сабақ өтті

26.10.2022 күні Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика және Саясаттану факультетінің «Саясаттану» кафедрасының саяси ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Бюлегенова Бибигуль Бисембаевна – Геосаясат: теория және қазіргі заман пәнінен «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы АҚШ-тың геосаяси мүдделері» тақырыбына ашық сабақ өтті. АҚШ-тың геосаяси ұстанымдары, саясаты, экономикасы және халықаралық ұйымдарға мүше ретінде БҰҰ, НАТО толық қарастырылды. Берілген тақырыпқа сәйкес «Prezi» ресми сайты арқылы презентация жасалды. Ашық сабақ барысында әлемдік картаны және глобусты пайдалана отырып, қойылған сұрақтарға жауап алынды. Дәрістің соңында тақырыпты бекіту мақсатында, студенттер тиісті құрылғылар арқылы «kahoot» интеллектуалды ойыны жүргізілді.