Қазіргі медиа контент: сапа критерийлері

"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының аға оқытушысы, PHD доктор Ә.Ж. Саурбаева ҚЖ-33 және ҚЖ-31 тобымен "Қазіргі медиа контент: сапа критерийлері" атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа "Телерадио және қоғаммен байланыс " кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Серікзат Дүйсенғазы, ғылым жөніндегі деканның орынбасары Д.Ө. Байғожина және аға оқытушы А. Пернебекова қатысты. Сабақ барысында мультимедианың журналистикадағы маңызы мен өтімділігі баяндалып,теле арналарға түрлі параметрмен талдаулар жасалды. Студенттермен сұрақ-жауап форматында түсіндіру жұмыстары жасалды. Сабақ соңында нақты қорытындылар мен сапа критерийін анықтау түрлері негізделді. Студенттердің тақырыпқа қызыққаны сұрақ қою барысында байқалды.