“Цифрлы журналистикадағы медиа бизнес” атты ашық сабақ

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Р.А. Шакуова “Цифрлы журналистикадағы медиа бизнес” атты ашық сабақ өтті.  Дәрісте медиа бизнесті дамыту және монетизациялауды жетілдіру үшін жасалатын мониторинг, мақсатты аудиторияны зерттеудің маңыздылығы айтылды. Заманауи БАҚ-тағы бәсекелестікке қабілетті болу үшін жаңа медиа түрлерін игеру және оларды үнемі қадағалап, сараптама жасау керектігіне нақты мысалдар келтірілді.

Студенттер сабаққа белсенді қатысып, дәріс тақырыбын еркін талқылап отырды. Сабаққа аға оқытушылар А.Пернебекова, А. Мүтәрбек және  Уфалық әріптесіміз Нелли Мутугулина қатысып, пікірлерін ортаға салды.