"Киберкеңістік пен заманауи құралдарды діни дискурста дұрыс және теріс мағынада пайдалану" атты кездесу

Еуразия Ұлттық университті, журналистика және саясаттану факультетті, телерадио және қоғаммен байланыс каферасының аға оқытушылары 

Г. С. Алгалиева, Г.О. Дускеева, А. Пернебекқызының ұйымдастырумен “Киберкеңістік пен заманауи құралдарды діни дискурста дұрыс және теріс мағынада пайдалану” атты кездесу өтті. Кездесуде арнайы шақыртқан Жарбол БОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы мен белгілі теолог Кеңшілік Тышқанұлы, деканның студенттермен жұмым жөніндегі орынбасары Г.Ж. Болатова, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі С.М.Дүйсенғазы қатысты.  

Ең бірінші кездесуді бастамас бұрын кейіпкер студенттерге сұрақ қоюмен бастады. Жастарға деген мотивацияның қалай пайда болатынын түсіндірді.

Кездесу барысында әртүрлі діни тақырыптарға түсінік берілді. Бұрыс бағыттағы діндерге қалай адамдар мүшесі болып кеткенін де түсіне алмайтынын айта келе, олардан сақтану жолдарымен сан түрлі сөзбен сананы улайтынын жеткізді. 

Бұрыс бағытқа кеткен адамдармен жұмыстанатын мешітте арнайы қызмет түрі бар екенін студенттер енді ғана білді. Студенттер үшін жаңа ақпараттың бірі болды.

Дінге де байланысты сүзгі өткізу керек екенін атап кетті. Аналитикалық зерттеулер осы жерде маңызды екенін студенттерге түсіндірді.

Тағы да өзекті бір мәселе діни журналистика  даму қажет екенін сөз етті. Егер де діни журналистика  саласы дамыса халықтың көпшілігі адаспас еді деген ой қорытындылады.