Ә.Нұршайықовтың шығармашылығына арналған Республикалық байқау ЕРЕЖЕЛЕРІ

«ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық» конференциясы (бұдан әрі Әзаға конференциясы) аясында өтетін эссе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының

ЕРЕЖЕЛЕРІ

 Студенттер, магистранттар мен жас ғалымдарға арналған «Әзаға конференциясы»  аясында қазақтың классик жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай өткізілетін «Махаббатсыз дүние бос...» атты республикалық эссе байқауы және Ә.Нұршайықовтың журналистік және әдеби  шығармашылығы  туралы жазылған  ғылыми-зерттеу жұмыстарына республикалық байқау жарияланады.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты  студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға және  журналистика,  әдебиеттану ғылымдары бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығын насихаттауға үлес қосу.

БАЙҚАУДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

1.     «Ең үздік эссе». Шартты тақырыбы: «Махаббатсыз дүние бос...»

2.     «Ең үздік ғылыми жоба»: «Әзілхан Нұршайықовтың азаматтық тұлғасы және журналистік, жазушылық шеберлігі»

 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика және филология

факультеттері (бөлімдері) білім алушылары арасында «Әзаға конференциясы»  аясында  ең үздік эссе, жазушының журналистік және  әдеби шығармашылығын ашып көрсететін ғылыми-зерттеу жобаларына байқау 2022 жылдың 5 қараша 5 желтоқсан  аралығында өтеді.

Материалдардың қабылдануы мерзімі – 2022 жылдың 5 желтоқсанына дейін azaga_konferensiasy@mail.ru   электронды поштасына жолданады.

Байқау нәтижелері конференция қарсаңында шығарылады. Байқауды Қазақстанның Бас редакторлар клубы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасы ұйымдастырып жариялайды.

 

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Әділқазылар алқасы құрамына Бас редакторлар клубы мүшелері мен ЕҰУ-нің  оқытушы-профессорлары, белгілі бас редакторлар, ғалымдар, жазушылар қатысады.

Ең үздік жұмыстар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен іріктеледі.

НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

«Әзаға конференциясы»  аясында ұсынылатын эссе,  ғылыми- зерттеу  жұмыстары  байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай болуы шарт.

МАРАПАТТАУ:

Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3-дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Сонымен қатар әр номинация бойынша жүлдегерлерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, журналист-жазушы Қайсар Әлім тағайындаған ақшалай сыйлықтар табысталады.

 1-орын: 50 000 теңге,

 2-орын: 30 000 теңге,

 3-орын: 20 000 теңге.

Сондай-ақ конференцияға қатысып, еңбектерін жариялаған қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

ЭССЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Ғылыми жұмыстар мен эссе талапқа сай электронды түрде рәсімделіп,   azaga_konferensiasy@mail.ru поштасына жіберілуі тиіс.

Эссе мен ғылыми жұмыстар төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.   Эссе шығармашылық ізденіске құрылып, өзіндік тұжырымға негізделіп, «Байқауға» деген белгімен  А4 форматында, мәтіні 4-7 бет көлемінде болуы тиіс. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», «Махаббат жырлары»,  «Мәңгілік махаббат жыры»  кітаптарын назарда ұстау ұсынылады.

2. Ғылыми жұмыс (мақала) мәтіні 5-8 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.

2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см.

3. Қаріп мөлшері: Times New Roman, кегль – 14.

4. Жоларалық интервалы – 1. Азат жол – 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан ғылыми жұмыстың материалдары

беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың соңында және тізім тәртібіне сәйкес

жазылады. Ғылыми жұмыста әдебиеттер тізімі квадратты жақшада әдебиеттер тізіміндегі автордың еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін квадратты жақшаларға алып көрсету керек. Мысалы: [1.115].

7. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қонаев к-і, 4, Бас редакторлар клубы, Янушкевич көшесі6, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Баспасөз және баспа ісі кафедрасы.

Байланыс телефондары: +7 775 299 55 44, +7 705 704 47 48, +7 775 332 08 00, +7 747 488 08 89.