"Оқу жарнамалық роликтерін дайындау" пәнінен ашық сабақ өтті

10 қараша күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Ардақ Мүтәрбектің "Оқу жарнамалық роликтерін дайындау" пәнінен ашық сабағы өтті. Ашық сабақ тақырыбы: “Жарнама дайындау тәсілдері”. Сабақ барысында "Цифрлық медианы басқару" білім бағдарламасының төртінші курс студенттері өздерінің жарнамалық жұмыстарын көрсетіп, видео түсіру тәсілдері мен эффектілерді қолдану ерекшеліктерін айтты. Сонымен қатар, сабақ барысында “apple watch” сағатына жарнама түсірілді.
Ашық сабаққа Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент Серікзат Дүйсенғазы, Факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінің төрайымы Айжан Пернебекқызы, оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Сейілбек Асанов, кафедра доценті, PhD Эльмира Ибраева қатысып, өз пікірлерін білдірді.