"QAZBILIM GROUP"-тің PR бөлімі жетекшісімен кездесу

 Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Айжан Пернебекқызының шақыруымен "QAZBILIM GROUP"-тің PR бөлімінің жетекшісі Айдос Рымқұл жұмыс беруші ретінде қонақта болды. "Журналистика", "Цифрлық медианы басқару", "  Қоғаммен байланыс", "Спорт журналистикасы" білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесіп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Қазір бұл ұйымда біздің студенттеріміз жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ,  Айдос Рымқұл тағы да  бос орындарға байқау жариялайтынын хабарлады. Кездесу соңында "Цифрлық медианы басқару"  білім беру бағдарламасы туралы ұсыныс, пікірлер айтылды.