«Сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар: жергілікті өзін-өзі басқару болашағы» тақырыбы аясында семинар дәріс өтті

Аталмыш жылы сәуір айының 6 жұлдызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және Саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасында (ЖТН №АР15473291) постдокторант Болысбек Мухаммед Әбдіәшімұлы кафедраның екінші курс магистранттарымен семинар дәріс өтті.

Аталмыш дәрістің тақырыбы (ЖТН №АР15473291) постдокторант М. Болысбектің зерттеу жұмысымен тығыз байланысты болды. 

М. Болысбек дәрістің тақырыбы «Сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар: жергілікті өзін-өзі басқару болашағы» болды.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерінің жақындасу принципімен құрылған. Сонымен бірге, жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады, бұл қоғамдағы билікті жүзеге асырудың негізгі принципі болып табылады. Бұл қағида «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Заңында бекітілген. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев атап өткендей, «Өңірлер нығайған кезде Қазақстан қуатты мемлекетке айнала алады». Осыған сүйене отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тақырыбы өте өзекті, өйткені аймақтық деңгейде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларды жаңғырту Екінші Республиканың әлеуетін арттырудың кепілі болып табылады.

Дәріске қатысқан магистранттар өз пікірлерімен бөлісіп, постдокторанттың зерттеу жұмысына ризашылықтарын білдірді.

Осы орайда, постдокторанттар мен студент, магистранттардың сабақтастығы өте маңызды. Себебі, ғылыми зерттеу тізбектей беріліп, студенттердің жаңа көзқарастарына әсер етуі тиіс.