"Спорт журналистикасы" ББ СЖ-11 тобының 1-курс студенті Ерланова Еркежан грепплингтен «Asia Open-2023» халықаралық турнирінің чемпионы атанды

ENU-лықтар @enugumilyov_official, тағы бір сүйінші жаңалығымызбен бөліскіміз келеді!
«Журналистика және саясаттану» факультетінің телерадио және қоғаммен байланыскафедрасы "Спорт журналистикасы" ББ СЖ-11 тобының 1-курс студенті Ерланова Еркежан Астана қаласында өткен грепплингтен «Asia Open-2023» халықаралық турнирінің чемпионы атанды.

Халықаралық турнирге 1200-ден астам спортшылар қатысты.

Еркежан 17 жаста болса да, ересектер арасында 71 кг салмақ дәрежесінде топ жарды.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Абу-Даби қаласында өткен Әлем Чемпионатында Ерланова Еркежан қола жүлдеге ие болған еді.

Алдағы әлем чемпионатында жоғарғы орыннан көрінуіне тілектеспіз. Еркежанға кәсіпқой спортта тек сәттілік тілейміз!