«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу

2023 жылы 1 желтоқсан күні Журналистика және саясаттану факультеті, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқыушы, аға кураторы  Г.С.Алгалиеваның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өтті. 

Кездесуге Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері  Кенебаева Алмагүл Еркінқызы және  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің аға офицері Маненбаева Аңсаған Ерғалиқызы келіп қатысты. Студенттерге құқық туралы, сыбайлас жемқорлықтың  әр түрлі зардаптарын мысалмен келтіріп,  түсіндіріп берді.  Таза сессия қарсаңында өткен бұл шара, студенттерге  адал жол таңдауға үлкен нұсқаулық ретінде болды. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтармен ашық бөлісті.