“Текст. Медиатекст. Интернет-текст” тақырыбындағы мастер класс

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың “Журналистика және саясаттану” факультетінің 2-курс докторанты Аида Сыздыкованың және ғылыми жетекшісі ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызының ұйымдастыруымен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің оқытушысы, филология және журналистика PhD докторы Васильченко Мария Александровна “Баспасөз және баспа ісі” кафедрасының 1-курс магистранттарына “Текст. Медиатекст. Интернет-текст” тақырыбында мастер класс өткізді. Мастер-класста текст, медиатекст, интернет-текст ұғымдары және классикалық, сөйлеу мен интернет жанрларының айырмашылықтары, медиатекстердің мықты позициялары сияқты мәліметтермен таныстырып, Ф.Де Соссюр, С.Гайда, Р. Якобсон, М. Бахтин фундаменталдық теорияларына шолу жасады.