«Журналистика» мен «кітіпхана ісі» мамандарын даярлау мәселесі талқыланды

31 мамыр күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Журналистика және ақпарат» мамандарын даярлау бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің Жобаларды басқару тобының көшпелі мәжілісі өтті. Оффлайн және онлайн форматта өткен жиынды ЖБТ жетекшісінің орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Серік Мақыш жүргізді. Мәжіліске жұмыс берушілер ретінде ЖБТ мүшелері, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Qazaqstan» Ұлттық арнасы ақпараттық-сараптамалық бөлім басшысы Қайрат Мұсақұлов, «Айқын-Литер» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев қатысты.

Мәжіліс барысында секция төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ 2022-2023 оқу жылындағы бірлестік жұмысы туралы қысқаша есеп берді. Содан кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Нуржанова Гүлмира «Кітапхана ісі» мамандарын даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамадан соң «Кітіпхана ісі» мамандары қазіргі заман талаптарына қаншалықты сай деген мәселе кеңінен талқыланды. ЖБТ мүшесі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғ.Қ. Нұрғалиева жұмыс беруші ретінде «Кітапхана ісі» мамандарын даярлаудағы шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер туралы ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларның заман талабына сай жаңартылуы керектігі, шетелдік озық тәжірибенің қажеттілігі, т.б.

«Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша оқытудың заманауи әдістері мен инновациялық технологиялары: талдау және ұсыныстар» атты үшінші баяндаманы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің adjunct assistant professor Алма Сайлауқызы жасады. Қазіргі оқыту ісінде заманауи технологияның мүмкіндіктері қаншалықты қолданылуда, нәтижелері қалай деген мәселелер кеңінен талқыланды. Осы тақырыпта мамандар арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары жарияланып, соның негізінде маңызды ұсыныстар айтылды. 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, журналистика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Рамазанова  «Аймақтық ЖОО-да журналистік білім беруді модернизациялау»  атты баяндамасында аймақтағы журналист мамандарын даярлау барысындағы мәселелерге тоқталды. Қазіргідей ақпараттық технологиялар дамыған заманда аймақтық ЖОО-ларда біраз мәселелер оң шешімін тапқандығы баса айтылды.

         Әр баяндаманың қорытындысында шешім жобасы ұсынылып, талқылау нәтижесінде қабылданды. Сол шешімдер бойынша нақты іс-шаралар қолға алынады.

         Жиын соңында ЖБТ жетекшісінің орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Серік Мақыш ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғ.Қ. Нұрғалиеваға ЖБТ құрамындағы белсенді жұмысы, осы шараны ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін университет атынан алғысын жеткізіп, арнайы сыйлықтарын ұсынды.