Балалар контенті

Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Қабілетті, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда. Жастарды білім – ғылымға тарту, ішкі потенциалдарын ашу, ұлтқа қалтқысыз махаббатпен қызмет етуге баулы барлығы тәрбиеден басталады. Ал тәрбие тамыры отбасыдан, тілден басталары анық. Отбасындағы бала тәрбиесінде балалар өнеге алатын әлеуметтік желідегі видеолардың еліміздегі үлкен экрандарда көрсетілетін мультфильмдердің маңызы зор. Сол себепті балаға сапалы видеоларды сұрыптап, қандай контент көрсетуге болады деген сұрақтарға жауап алу үшін «Қазақ журналистикасы-41» тобының студенттері дайындаған бағдарламаны тыңдап көріңіз. Бағдарлама жетекшісі- Гүлнұр Омарханқызы Шығармашылық топ - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясатану факультетінің 4 курс студенттері Сүндет Оралбеков, Нұрбибі Кадырова.