Баспасөз және баспа ісі кафедрасында ашық сабақ өтті

28 қазан күні Журналистика және саясаттану факультеті, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Бейбіт Тоқтарбайдың «Медиакоммуникация» негіздері пәні бойынша «Бұқаралық медиа» тақырыбында ашық сабағы өтті.

Ашық сабақ өткен топ «Медиа өнер» білім бағдарламасы бағытындағы бірінші курс студенттері.  Ашық сабаққа университеттің білім сапасына жауапты бөлім қызметкері Назерке Құраш қатысты. Сонымен қатар Журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары, PhD Дана Байғожина, факультеттің білім сапасына қатысты қызметкер, филология ғылымдарының докторы Сәуле Тапанова, аға оқытушы Айжан Пернебекқызы және кафедра оқытушылары қатысты.

Ашық сабақ білім бағдарламасы мен пән ерекшелігіне сай талаптарды қамтып, жан-жақты толықтырылып, мазмұнды өтті. Студенттер сабақ барысында белсенділік танытып, өздерінің сол сабаққа қатысты түсінгендерін ортаға салды.

Ашық сабаққа қатысқан мамандар мен оқытушылар сабақтың білім бағдарламасына сай деңгейде өткенін, аудитория мен оқытушы арасының тығыз байланыста екендігін және білім алушылардың пәнді жан-жақты, толыққанды  түсінгенін жоғары бағалады.