Бибігүл Жексенбаймен кездесу өтті

Бүгін Журналистика және саясаттану факультетінде Сенат төрағасының кеңесшісі, Ұлттық құрылтай төрағаның орынбасары, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбаймен кездесу өтті.

Кездесу барысында танымал журналист болашақ түлектерге жұмысқа орналасу мәселесі жайлы баяндап, біліктілікті арттыру тұрғысында арнайы дәріс оқыды. Студенттер тәжірибелі маманның айтқан ақыл-кеңестерін зор ықыласпен тыңдап, ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Бибігүл Нұрғалиқызы «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ынталы екеніне тоқталды.

«Бас редакторлар клубы Журналистика және саясаттану факультетімен жоспарлы түрде жұмыс істеуге ниетті. Жұмыс жоспарлы жүретін болса, клуб мүшелері де жүйелі түрде пайдалы курстар өткізіп тұра алады», - деп сөзін түйіндеді ол.

Кездесу барысында Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, Баспасөз және баспа ісі кафедрасы меңгерушісі Амангелді Шүрентаев, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы өз тараптарынан ынтымақтастыққа әзір екенін білдірді.

Бибігүл Жексенбай дәріс тыңдаушыларына Бас редакторлар клубы атынан сертификаттар табыс етті.