Дін тақырыбындағы келелі әңгіме

2023 жылғы 31 қаңтарда 4-корпустың 225-аудиториясында «Дестурктивті діни ағым және дәстүрлі дін туралы түсінік» тақырыбында  Баспасөз және баспа ісі кафедрасы студенттерінің КМДБ-ның Діни оңалту  бөлімінің меңгерушісі, магистр, дінтанушы Хасан Аманқұлов пен ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті, DPh докторы, дінтанушы, исламтанушы Нұрлан Қайырбековпен кездесуі болды.

Салиқалы әңгіме барысында Х.Аманқұлов мырза студенттерге еліміздегі дәстүрлі дін мен исламдағы  басқа да ағымдардардың айырмашылығын түсіндіріп, теріс жолға түсіп кетуден сақтану жолдарын нұсқады. Н.Қайырбеков мырза осы мақсатқа жету үшін қандай әдебиеттер оқу қажеттігіне тоқталды. Дін саласы мамандарының әңгімесін қызыға тыңдаған студенттер көптеген сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

Шара қонақтары бұндай кездесуді әлі да талай өткізуге дайын екендіктерін, алдағы уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы муфтиінің профессорлық-оқытушылық құрамды қатыстыра отырып, кең көлемде кездесу өткізуі ойда бар екенін жеткізді.

Кездесуге Jastar департаментінің бас маманы Мұратбек Дәрібай, Журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары Гүлжауһар Болатова, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шүрентев және кафедра оқытушылары қатысты.