ЕҰУ ғалымының еңбегі АҚШ ғылыми ортасына ұсынылды

Оңтүстік Калифорния университетімен халықаралық коллаборация жалғасуда.

Биылғы жылдың 5 қазан күні медианы зерттеу саласында халықаралық деңгейде танымал профессор Генри Дженкинстің ресми блогында Журналистика және саясаттану факультетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызының материалы жарияланды.

Ғалымның қазақ телевизиясы қызметін Американың ғылыми қауымдастығына таныстыру мақсаты орындала бастады. Ұлбосын Мейірбекқызының қазақ медиасы деңгейін көрсететін бұл еңбегі Еуразия ұлттық университетінің беделді ғылыми-зерттеу орталығына айналуына қосар үлесі.

Факультеттің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы медиа коммуникацияны зерттейтін әлемдегі екінші орындағы ең даңқты америкалық Анненберг мектебінің провост профессорымен ғылыми ынтымақтастығын әлі де жалғастыруда.

Айта кетсек, бұл еңбек қазақ журналистикасын зерттеу саласында Америка елінде жарық көрген тұңғыш ғылыми-зерттеу. Профессор Дженкинстің блогына осы сілтеме арқылы өтуге болады: http://henryjenkins.org/