Халқым менен де биік

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің 125 жылдығына орай, 13 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Журналистика және репортер ісі" мамандығының, "ЦММ-11" тобының ұйымдастыруымен "Халқым менен де биік" атты көрініс өтті. Кураторлық сағатқа топ студенттері музыкалық сүйемелдеуі бар шағын театралды көрініс жасады. Қаныш Имантайұлының өмірінен алынған деректер, жазылған хаттары оқылды. Сарғайған естеліктің желісін қайта еске түсіру мақсатында студенттер гитарамен ән шырқап, өздерінің өлең - жырларын айтып берді. Кураторлық сағат арқылы студенттерді тарихи тұлға өміріне саяхат жасауға, дүниетанымын өркендетуге, толыққанды ақпарат қана алып қоймай, бұл көрініске өзінің үлесін қосқаны анық.