Изменение ораторского языкового искусства в зависимости от информационных процессов

17-ші қараша күні, Журналистика және саясаттану факультеті, «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-ші курс магистранты Қалбай Әлия Бахтиярқызы педагогикалық іс-тәжірибе аясында ашық сабақ жүргізді. Сабақ, «Шешендік өнер және сөйлеу техникасы» пәнінен, «Шешендік тіл өнерінің ақпараттық үрдістерге байланысты өзгеруі» тақырыбында ЦМБ-11 тобына дәріс түрінде өткізілді. Сабаққа ЕНУ университетінің, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы қатысты.
Дәріс барысында «түртіп алу» стратегиясы, «Stop-кадр», сондай-ақ «20 секунд» секілді әдістер қолданылды. Ашық сабақ пайдалы өтуі үшін, қызықты тапсырмалар беріліп, 21 ғасырдың бар мүмкіндіктері пайдаланылды: интерактивті тақта, видеоролик, инстаграм, веб платформалар. Солайша студенттерге тарихта орын алған әлемдік оқиғаларды мысалға келтіре отырып, шешендік өнердің не екені түсіндірілді. Бұл ұғымдар жайлы құнды мағлұматтар айтылды.
Магистрант Қалбай Әлия Бахтиярқызы ашық сабақты жан-жақты өткізе алды: аудиториясымен байланыс орнатып қана қоймай, уақытты тиімді пайдаланды. Сонымен қатар дәріскер әркімге сапалық тәсілдеме таба білді, студенттерге жаңа цифрлы дәуірде шешендік өнер қалай көрініс табатынын мысалдар арқылы түсіндірді. Практикалық тапсырмалар арқылы дұрыс сөйлеу техникасын меңгерудің негізгі қадамдарына тоқталды. Ал тақырыпты қалай түсінгенің білу үшін, дәріс соңында студенттер арасында рефлексия жүргізді, кері байланыс алды. Бұл магистранттың өз ісіне жауапты екенін, алға қойған мақсаттарына жеткенін көрсетті.