Келелі кездесу

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, ақын, жазушы Оңайгүл Ізтұрғанқызын елордадағы №28-ші лицей арнайы қонақ ретінде шақырды. Шығармашылық кеш форматында өткен басқосу қызықты өтті. Жоғары сыныптың оқушылары Еуразия ұлттық университетінің Журналистика факультетіне оқуға түсу жайлы сұрақтар қойып, журналист маман болудың қыр-сырын сұрады.