Менің бағытым айқын

"Қоғаммен байланыс" және "Цифрлық медианы басқару" білім беру бағдарламаларының 1-ші курс студенттері арасында "Менің бағытым айқын" атты кураторлық сағат өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары Ардақ Мүтәрбек, Анель Шалқарбек, Сейілбек Садықұлы.
Шараға Діндерді зерттеу орталығының теологы, исламтану магистрі РАТТ мүшесі Арман Нұрахметұлы және Jastar департаментінің маманы Мұратбек Дәрібай арнайы шақырылып, лекциялары тыңдалды. Кездесу барысында лектор қазіргі таңда кең қолданысқа ие "дәстүрлі дін" ұғымына анықтама беріп, жаһандық масштабтағы өзекті мәселелердің бірі "радикалды идеологияның" қаупі жайында кеңінен тарқатты.
Жиналған студенттер дәстүрлі дін мен радикалды идеология тақырыбында еркін форматта пікір алмасты.