Нашақорлыққа қарсымыз

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің 1-2-ші курс студенттері арасында "Нашақорлыққа
қарсымыз» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттен аулақ болуға тәрбиелейтін кездесуге Астана қаласы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
басқармасының аға жедел уәкілі
полиция майоры Әлия Қибатқызы арнайы келіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Лектор есірткінің адамның ағзасына тигізер кері әсері жөнінде баяндама жасап, нашақорлық – адамзаттың түбіне жететіндігін айтты. Барлық есірткілер ауруды басатын әсері болғандықтан, есірткі қызметі аяқталған соң адам ауруды тым сезгіш болады. Мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Сондай-ақ, ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.
Нашақорлық – құрдымға бастар жол деп сөзін аяқтады полиция майоры.