Олимпиада PR DAY 2023

10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «PR DAY 2023» аймақтық мамандандырылған пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша I - дәрежелі Дипломға Рафаилова Дильназ ие болды ("Ж.Жабаев атындағы ЖОББМ" КММ Жетекші: Кунанбаева Асем Муслимгазыевна)

II - дәрежелі Диплом Шәріпбек Шұғылаға (Шымкент қаласы мамандандырылған IT лицей-интернаты
Жетекші: Баянбай Фариза Талғатқызы)
II - дәрежелі Диплом Байзакова Жулдызайға табысталды
(Астана каласы, 48 мектеп лицей
Жетекшысы: Аренова Жамиля Сабиткызы)

III- дәрежелі Диплом Дөнеш Аққуға (Астана №59 мектеп-лицей
Жетекші: Есенкелдиев Нұрбек Ерікұлы)
III- дәрежелі Диплом Кудайбергенова Айшаға (Семей Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі, жетекші: Исабекова Альмира Кабдулкаримовна)
III- дәрежелі Диплом Ордабек Алтынайға (Шымкент қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 IT лицей  интернат, 11 сынып. Жетекшісі: Алибаева Балжана)

Сонымен қатар, олимпиадаға қатысушы талапкерлерге Айна Задабек - «Каспий Құбыр  Консорциумы» АҚ қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бас маманы Асель Кужахметова, «Sergek Group» компаниялар тобының БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы , Ақсұлу Cаңғали - «TANBA» PR студия жетекшісі, PR менеджері Алпысбай Айна Гизатқызы «ABAI TV» шығарылым редакторы, журналист-филолог Берлібай Ақерке - Jas Media House медиа мектебінің негізін қалаушысы шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың қызығушылығын тудырған сұрақтарына жауап берді.
Яғни, оқушылар тек байқауға қатысып ғана қоймай, білімдерін шыңдап, PR саласымен жақынырақ таныса алу мүмкіндігіне ие болды.

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы меңгерушісі Серікзат Мақсұтұлы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ата өтті. Өз кезегінде қатысушылар «PR DAY 2023» аймақтық 10-11 сынып оқушылары мамандандырылған пәндік олимпиадасының ұйымдастырушыларына, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлына, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлына, аға оқытушысы Алгалиева Гульназым Сакенқызына және 3 курс Қоғаммен байланыс мамандығының студенттеріне ерекше алғыс білдірді.