PR DAY-2024 мамандандырылған аймақтық олимпиадасының 1 кезеңі аяқталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы ұйымдастырған 10-11 (12) мектеп оқушылары арасындағы PR DAY-2024 мамандандырылған аймақтық олимпиадасының бірінші кезеңі аяқталды! Қатысушылар "Менің көркем өлкем", "Мен жеке тұлғамын" және "Менің қиялымдағы PR" сияқты тақырыптарға бейнеролик дайындады. Барлығы жүзге жуық оқушының жұмысы қаралды. 2 кезеңге (Эссе жазу) өткен қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

Олимпиаданың мақсаты: Қоғаммен байланыс мамандығының сапасын арттыруды, талантты да білімді оқушылардың өзіндік ой-көзқарасын қалыптастыру мен креативті ойлау қабілетін арттыруды, сондай-ақ, ақпарат ғасырына бейімделген болашақ қоғаммен байланыс мамандарының жаңа медианы меңгеру деңгейін анықтауды және қоғамдық пікірге үн қоса білуге үйретуді көздейді.