Желтоқсан айында «Цифрлық медианы басқару» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттерімен «Қазақстандағы президенттік институттың әлеуметтік медиада насихатталуы» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Онда Президенттік институттың жұмысы туралы түсінік қалыптастыру барысында болашақ журналист жастар баяндамалар оқыды. Рустемова Малика, Давлетова Аружан, Каскырбаева Альмира және Айтмағанбет Баянды баяндамаларында Президенттік институттың қызметі туралы әр қырынан жеткізді. Әсіресе, Рустемова Малика «Әлеуметтік медиада президенттік инститтутың насихаттауы» тақырыбындағы баяндамасының төңірегінде президенттік институт тіркесіне түсінік беріп қана қоймай толық жүйені сипаттады. Президенттік институт жайында сөзі дәйекті болу үшін «Ақжайық», «Хабар-24» арналарынан таратылған хабарлардан сюжеттер көрсетіліп, ал «Қамшы.кз» пен «Егемен Қазақстан» басылымдарына шыққан мақаларына үңілді. Осылайша шараға қатысушылар әлеуметтік институт пен президенттік институттың байланысы мен аражігі жайында қызықты ақпараттарға қанық болды деген ойдамыз.