Қақтығыстану кезіндегі бітімгерлік шаралары

2022 жылдың 23 қарашасы №1 оқу корпусында (ОҒЗ) “Қоғаммен байланыс” мамандығының II курс магистранты Жанболат Ажар Әсетқызы педагогикалық тәжірибе аясында  ҚБ-41 тобына ашық сабақ өткізді. Дәріс сабақ “Қақтығыстану кезіндегі бітімгерлік шаралары” тақырыбында өтті.

Сабаққа Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, профессор, қоғам қайраткері Омаров Мұхит Мүрсәлімұлы, аға оқытушы Пернебекова Айжан Пернебекқызы және Алгалиева Гүлназым Сәкеновна аға оқытушы  қатысты.

Сабақ барысында студенттерге қақтығыс және оларды модель түрінде шешу жолдары, қақтығысқа түрткі болатын басты мүдделер және оны психологиялық тұрғыдан шешу жолындағы стратегиялармен танысты. Қақтығыстан шығу методикалары мен психологиялық әдістер мысал ретінде кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қақтығыс-конфликт аясында қызықты PR кейстті студенттер арасында қызу пысықталды.

Магистрант Жанболат  Ажар ашық сабақты жан-жақты өткізе алды: аудиториямен байланыс орнатып қана қоймай, уақытты тиімді пайдаланды. Студенттер тарапынан тақырыпты қалай түсінгенін білу үшін дәріс соңында рефлексия жүргізілді. Кері байланыс орнатылып, студенттер белсенді болды.