Сайлау жүйесіндегі өзгерістерді университеттің студенттері мен магистранттары талқылады

2023 жылдың наурыз айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының студенттері мен магистранттарына (ЖТН №АР15473291) постдокторант Болысбек Мухаммед Әбдіәшімұлы сайлау жүйесіндегі тың өзгерістер мен жаңа реформалар жергілікті жерге қалай әсер ететінін зерттеп, өз ғылыми зерттеу жұмысымен бөлісті.

Аталмыш уақытта (ЖТН №АР15473291) постдокторант Түркістан және Абай облыстарының ауылдық елді - мекендерін аралап, тұрғындармен кездескенін атап өтті. Сондай ақ, М. Болысбек өз сөзінде «Ауылдық округтар тұрғындарымен кездесу аясында сайлау жүйесіндегі соңғы өзгерістерді халықтың оң қабылдап ашықтық пен әділдіктің көрінетіні байқалды. Оған дәлел, ауыл әкімдері сайлауы тұрғындар көңілінен шығып отыр. Мысалы менің Түркістан облысы Ақдала ауылдық округіне барған сапарымнан алынған сұхбат аясында ауыл тұрғыны «Ең біріншіден ауыл әкімі осы ауылдан туып өскен, осы ауылдың кем тұстарын білетін болғаны дұрыс. Себебі ол осы ауылда өскеннен кейін жанашыр болып өседі, өз ауылын білетін болады. Екіншіден, тума туыс, ағайындары осы ауылдан болғаннан кейін әкім үшін жемқорлыққа бару, үлкен қылмыс болып көрінетін болады. Сол үшін ауыл әкімі сол ауылдың тұрғыны болу керек», -  деді.

Соңғы 5 жыл қатарынан өтіп келе жатқан сайлау науқаны үйреншікті дағдыға айналып кеткендей. Себебі, демократия бар жерде сайлау да, таңдау да болуы шарт.

Дәріске қатысқан магистранттар мен студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Дәріске қатысушы екінші курс магистранты Асемай Жандаулетқызы «Ғылым жолында жүрген ғалымдармен студенттерді кездестіріп, ой жарыстыру дағдыға айналса, жастардың ғылымға деген көзқарастары ерекше болар еді», - өз сөзін қорытындылады.