Саясаттану кафедрасында «Қоғамдық ғылымдарды зерттеудегі әдістер» атты ғылыми семинар өтті

Ғылым әр кезде тарихи шындықтың шынайы көрінісі болып келді және солай бола бермек. Әрбір ғалым әр кезінде шынайылықты зерттеумен келді, әлі де зерттейді, сол нақты шындықты зерттеумен ғалым болып қала бермек.

Осы орайда, журналистика және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасының доценті, т.ғ.к., Б.А.Габдулина 24 қыркүйек күні «Қоғамдық ғылымдарды зерттеудегі әдістер» атты ғылыми семинар өткізді.

Аталған семинарда доцент Б.А.Габдулина классикалық зерттеу әдістері туралы баяндама жасаса, ал 3 курс докторанты Қожбанхан Еркеш докторлық диссертациясы бойынша ізденісінде қолданып жүрген біршама әдістер туралы тұшымды  баяндама жасады.

Аталған ғылыми семинарға профессор-оқытушылар, докторанттар, магистранттар, бакалавр студенттері қатысып, қоғамтану ғылымдарының классикалық зерттеу әдістері мен бүгінгі таңда кеңінен қолданыстағы әдістер аясында қызу пікір алмасу болды.