Спичрайтердің мәтініндегі қанатты сөздер

Спичрайтинг пәні негізінде 2-курс студенттерімен бірлесе отырып «Спичрайтердің мәтініндегі қанатты сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ аясында бүгінгі күні жаңа ғылыми пән салаларының бірі - спичрайтинг талқыланды. Бұл негізде медиа индустриядағы саяси және іскерлік спирайтинг даярлауда қолданылатын құралдар таныстырылды. Сонымен қатар, мәтін жазудың негізгі этикалық ережелері сөзге тиек етіліп, 2-курс студенттері Тасболат Сабина мен Сейткамал Дамира топ бастап, негізге алынған екі қанатты сөзді пайдалана отырып, арнайы мәтін дайындады. Методологиялық әдіс түрлерін пайдалану арқылы мәтінді өңдеп, визуализация жасалынды.

Ашық сабақты өткізген: 2-курс магистранттары Ералықызы Алинура және Түлкібаев Арлан.
Ғылыми жетекші: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы.