Ел имиджі: бүкіл елдің имиджін қалыптастырудағы халықаралық тәжірибе

24 қараша күні журналистика және саясаттану факультетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2 курс магистранты – Мулдагалиева Инкар Саматовна педагогикалық практика аясында ашық сабақ өткізді. «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі PR» пәні бойынша бұл ашық сабақ «Ел имиджі: бүкіл елдің имиджін қалыптастырудағы халықаралық тәжірибе» тақырыбына арналды және В042-3214-19-02 тобына практика түрінде өтті.

Практикаға  филология мамандығы бойынша доктор, телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры Тахан Серік Шешенбайұлы, журналистика және саясаттану факультетінің аға оқытушысы, PhD Байғожина Дана Өңірбекқызы, саяси ғылымдарының кандидаты Тұрабекова Бақытгүл Бектұрсынқызы қатысты.

Ашық сабақ пайдалы болуы үшін қызықты тапсырмалар беріліп, 21 ғасырдың барлық мүмкіндіктері пайдаланылды: интерактивті тақта, бейнеролик.  Сонымен, тарих беттерінде болып жатқан әлемдік оқиғалар мысалында студенттерге сақтандыру имиджінің не екені және оның елдегі туризмге әсері түсіндірілді.

Магистрант Мулдагалиева Инкар Саматовна ашық сабақты жан-жақты жүргізе білді: аудиториямен байланыс орнатып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалана білді. Сонымен қатар, магистрант ел брендін құрудағы халықаралық тәжірибені зерделеу және туризмдегі мәселенің маңыздылығын студенттерге жеткізудің сапалы тәсілін тапты. Ал студенттің тақырыпты түсінген-түсінбегенін түсіну мақсатында дәріс соңында Мулдагалиева Инкар студенттер арасында рефлексия жүргізіп, кері байланыс алды. Бұл магистранттың өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтынын, алға қойған мақсатына жеткенін көрсетеді.