Студенттер кәсіподақ ұйымының өкілімен кездесу

4 қазан күні «SENIM» студенттер кәсіподақ ұйымының өкілі Қ.Қ.Сүйеніш пен «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының ЦММ-11 және СЖ-11 тобының студенттері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының міндеті, функциясы, алдағы жоспарларын таныстырды, сонымен қатар студенттер үшін артықшылықтарын баяндап берді. Мәселен, кәсіподақ ұйымының мүшесі болумен қатар кәсіподақ қорынан материалдық бір реттік көмек алу, әртүрлі деңгейдегі іс- шараларға қатысу мүмкіндігі, университет өміріне белсенді қатысатын студенттерді қолдау және т.б. өзін-өзі дамыту жолдары қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Студенттер мен куратор тарапынан сұрақ қойылып, ұсыныс айтылды. Кәсіподақ ұйымының өкілі алдағы уақытта ұсыныстың ескерелетінін жеткізді. Нәтижесінде белсенді студенттер кәсіподақ ұйымының мүшесі болуға ниет білдірді.