БАҚ-пен байланыс

21 қараша күні, Журналистика және саясаттану факультеті, "Қоғаммен байланыс" мамандығының 2 курс магистранттары— Сақбек Майя мен Тілембай Назым педагогикалық іс-тәжірибе аясында ашық сабақ жүргізді. Аталмыш ашық сабақ, "PR теориясы мен практикасы" пәнінен, "БАҚ-пен байланыс" тақырыбында В042-3214-22-01 тобына дәріс түрінде өткізілді. Сабаққа доцент Мұхит Омаров, аға оқытушы Айжан Пернебек, доцент Серікзат Мақсұтұлы, оқытушы Ардақ Шадет қатысты.
Ашық сабақ барасында БАҚ жөнінде, оның құралдары жөнінде дәріс оқылды. Әр түрлі брендке байланысты Сергіту ойыны мен үш түрлі ситуацияға топтық жұмыс ойыны ойнатылды. Ашық сабақ қызықты және есте қалуы үшін сабақ барысында студенттерге кішігірім сыйлықтар таратылды. БАҚ туралы өздері білетіннен бөлек қосымша ақпарат айтылып, тың техникалармен бөлісті.
1-курс студенттері де өте белсенді қатысып, берілген ситуациялардын жақсы шыға алып, өз ойларын ашық және еркін түрде жеткізе алды.
Магистрант Сақбек Майя мен Тілембай Назым ашық сабақты жан-жақты өткізе алды: аудиториясымен байланыс орнатып қана қоймай, уақытты тиімді пайдаланды. Сонымен қатар дәріскерлер әркімге сапалық тәсілдеме таба білді, студенттерді қазақ тілінде таза сөйлеп, өз ойларын анық жеткізуге шақырды. Бұл магистрантранттардың белсенді,  өз істеріне жауапты екенін көрсетті.