Түлектері көп, түлектерге үлгі болатын мамандары мықты ЕҰУ

Талпынған жасты білім нәрімен сусындатып, ізденген жанды тәжірибесімен толықтырған ұлағатты Еуразия ұлттық университетіне биыл 25 жыл!

Осы күнге дейінгі кезеңде талай игі жаңалықтарымен қуантып, көптеген жақсы-жайсаңдарға өмірден сара жолын тауып, шығарып салған білім мекенінде білімді де білікті оқытушылар қауымының атқарған істері мен атқарар шаралары әлі де көп. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.

Құрамына әр саладан білім берумен шұғылданатын институттар мен біршама зертхана орталықтарын енгізіп, талай жақсы нәтижелерге ие болғаны баршаға мәлім.

         Көптеген жетістіктерімен көзге түсіп, ізденістерімен ілгерілеген талай ғалымдар мен мамандар бүгінгі күні өз орындарын тауып, маман иесі атанған.

         Біліммен сусындатып, тәжірибесімен азықтандырған университетке тек толағай табыстар тілегім келеді! Түлектері көп, түлектерге үлгі болатын мамандары мықты болсын деймін! 

 

Майра Дюсембекова, саясаттану кафедрасының профессоры