Тәуелсіз елдің құндылығы - бірлік

Желтоқсанның 4-ші жұлдызында «Цифрлық медианы басқару»-31 тобына аға оқытушы Айжан Пернебекқызы «Тәуелсіз елдің құндылығы- бірлік» тақырыбында дәріс өткізді. 

 

📌Дәрістің мақсаты- Президенттік институттың негізгі бағыттары мен конституциялық реформалардың ережесін түсіндіру.

 

👨‍🎓 Дәріс барысында студенттер де белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісіп отырды. Солардың ішінде «Цифрлық медианы басқару»-31 тобының студенті Киікбай Ерлан Өтегенұлы дәрістен түйген білімін келесі сөздермен қорытындылады. 

 

💬 «Еліміз соңғы екі-үш жылдықта конституционалдық үлкен өзгерістерді басынан өткізіп жатыр. Соның ішінде президент институтына қатысты біршама оң өзгерістер бар. Атап айтсақ мықты парламенттің құрылуы және президенттің құзыреттілігіндегі “авторитарлы” жүйеге ұқсас элементтерінің жойылуы. Осы түзетулер ұлтымызды жаңа бағытта дамытып, мықты мемлекет қалыптастыруда негіз болмақ».

 

✅ Саяси бағыттағы тақырыптарда өткізілетін дәрістер студенттердің білімін арттырып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

 

🖋️ Автор: Арайна Арайқызы