Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралындағы ақпараттық технологиялар» атты семинар өтті

«Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының ғылыми семинар жоспарына сәйкес «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралындағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар өтті.  Семинарға кафедра меңгерушісі ф.ғ.кандидаты Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы, оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Шараны жүргізуші докторант Ә.Ж.Сәуірбаева интернет платформасындағы әлеуметтік желілер арқылы Қазақстанда жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы мен дамуы, оны ақпараттық қоғамды қалыптастыруға ұтымы пайдалану жолдары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, БАҚ-тың мәні мен ақпараттың әсер ету қарқынына конвергенция және басқа да, яғни тұтас алғанда қазіргі ақпараттандыру  процесінің ықпалы туралы өз пайымымен  бөлісті. Семинардың барысында докторанттар мен  магистранттар тақырып бойынша ғылыми зерттеудің негізгі түрлері мен әдістерінен мағлұмат алды. Кафедра меңгерушісі ғылыми зерттеумен айналысушылар үшін семинардың  өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.