Титр-анимацияның бастауы

«Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының аға оқытушысы Сабыр Әбдіқадыр Біләліұлының «Анимациялық өнер» пәні бойынша "Титр-анимацияның бастауы" тақырыбымен «Медиаөнер» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне арналған ашық сабағы болып өтті. Білім алушыларға визуалды әлемде «шрифтың» алатын орны туралы терең мағлұмат берді. Шрифтің анимациялық өнердің бастауында тұратындығын практикалық жұмыстары арқылы көрсетті. Оның бір дәлелі ретінде өз саласының шебері, режиссер аниматор Сабыр Әбдіқадыр Біләліұлы «Менікі», «Кім патша болады?», «Бәйтерек»  атты анимациялық туындыларының титрларының жасалу жолдарын, мағынасын және оның маңыздылығын баяндады.

Сабақ барысында білім алушылар анимациялық шрифт дизайнының негіздерімен бірге қаріптер мен түстерді таңдауды үйренді. Сонымен қатар, білім алушылар анимациялық бағдарламадағы техникалық құралдарды қолданудың негізгі дағдыларын игерді. Бұл оларға тақырыптарға жанды және динамикалық сипат беруге мүмкіндік берді. Тәжірибелі оқытушының жетекшілігімен білім алушылар әртүрлі әсерлермен «Wacom Cintiq 12» планшетінде есте қаларлық тәжірибе жасады. Сабақ студенттердің дизайн және анимация шеңберін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар оларды мазмұнды жасауда шығармашылықпен айналысуға шабыттандырады.